Денсаулық сақтау министрлігі онкологиялық науқастарға дәрі-дәрмек тапшы деген қауесетке жауап берді.
Денсаулық сақтау министрлігі онкологиялық науқастарға жыл соңына дейін дәрі-дәрмек жетпей қалуы мүмкін деген ақпаратқа жауап берді. Ведомство өкілдері жағдай бақылауда екенін хабарлады, деп жазады Денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап abaidan.kz.
Денсаулық сақтау министрлігінің ресми сайтында жарияланған ақпаратқа сүйенсек, онкологиялық және онкогематологиялық ауруларға шалдыққан науқастарды дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етудегі кез келген үзілістерді жою мақсатында департамент дәрі-дәрмекпен уақытылы қамтамасыз ету механизмін анықтаған.
"Ешбір науқас қажет емсіз қалмайтды", - делінген ведомство хабарламасында. Денсаулық сақтау министрлігі өкілдері облыстық денсаулық сақтау басқармалары мен онкологиялық орталықтар жағдайды бақылап отыр деп сендірді. "Пациенттерге ыңғайлы болу ы үшін және қажет ақпаратты алуы үшін 8 (7172) 570 950 нөмірі бар Call-орталық жұмыс істейді, оған қоңырау шалып, онкологиялық көмектің қолжетімділігі мен сапасы мәселелері бойынша өтініштер қалдыруға, оның ішінде емдеуден және көмектен бас тарту жағдайлары туралы хабарлауға болады", - дейді ДСМ өкілдері.
#Здоровье, #Врач, #Здравоохранение