Бүгін – Православ христиандарының Рождество мерекесі

Бүгін – Православ христиандарының Рождество мерекесі

Православ Рождествосының ерекшеліктері

Католиктер мерекелейтін 25 желтоқсандағы Рождестводан айырмашылығы – православтық Рождество 7 қаңтарда аталып өтеді. Бұл айырмашылық православ дәстүрінде Юлиан күнтізбесінің қолданылуымен түсіндіріледі, ал католик шіркеуі Григориан күнтізбесін қолданады.

Мерекенің мағынасы

Иса Мәсіх Рождествосы – әлемнің жүзден астам еліндегі христиандар үшін ең маңызды мерекелердің бірі. Бұл күн Иса пайғамбардың дүниеге келу құрметіне белгіленген және адамның Құдаймен тіл табысуын бейнелейді. 

Шіркеу ілімі бойынша, Рождество – Исаның кешірім үшін жасаған ерлігін және күнәға батқан алғашқы адамдар табиғатының жаңаруын білдіреді.

Мереке дәстүрлері

Иса Мәсіх Рождествосы 40 күндік Рождество оразасының аяқталуымен тұспа-тұс келеді. Ораза 6 қаңтарда, Сочельник деп аталатын күні оразаны қатаң сақтаумен аяқталады.

Қаңтардың 6-сынан 7-сіне қараған түні православ шіркеулерінде салтанатты рождестволық ғибадаттар өткізіледі, онда Інжіл оқылып, дұғалар мен салтанатты әндер айтылады.

Рождестводан кейін Құтқарушының дүниеге келуіне арналған 12 күндік мереке – Святки басталады. Святки 19 қаңтарда шоқыну мерекесімен аяқталады, бұл Иса Мәсіхтің жердегі қызметінің басталуын білдіреді.

Қазақстанда қанша православ бар?

2021 жылы жүргізілген соңғы санақ мәліметінше, Қазақстан халқының 17,19%-ы христиандықты ұстанады. Оның ішінде 17,04%-ы православ бағытында, бұл - Қазақстандағы христиандардың ең көп бөлігі. Көрсеткіш славян халқының дәстүрлі түрде осы христиандық бағытты ұстануымен байланысты. 

Қазақстанда шамамен 345 православтық діни бірлестік бар, оның ішінде 335 приход орыс православ шіркеуіне қарайды. Бұл приходтар Қазақстандағы Православ шіркеуінің митрополиттік округін құрайды, оның орталығы Астана қаласында орналасқан.

Орыс православ шіркеуіне жататын бірлестіктерден бөлек, Қазақстанда Армян апостолдық шіркеуі, 7 ескі дәстүрлі шіркеу және Ресей православ шіркеуінің шетелдік бөліміне тиесілі 2 шіркеу жұмыс істейді.

Фото: Виктор Федюнин/Kazinform

kaz.inform.kz


#праздник, #религия