Поздравляем со вступлением в силу народной Конституции
Религия 367 просмотровabaidan.kz

Состоялся круглый стол с представителями религиозных объединений

Діни бірлестік өкілдерімен дөңгелек үстел өтті

Состоялся круглый стол с представителями религиозных объединений

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Абай облысы бойынша департаменті облыстың діни бірлестік өкілдерінің қатысуымен дөңгелек үстел өткізді. Шараға Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Абай облысы бойынша департаментінің басшысы Шарипов Руслан Шәмелұлы қатысты.

Состоялся круглый стол с представителями религиозных объединений

Дөңгелек үстелдің негізгі мақсаты – Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының 2022–2026 жылдарға арналған тұжырымдамасын іске асыру мерзімінің аяқталуына байланысты Агенттік тарапынан әзірленіп жатқан жаңа Тұжырымдамаға қоғам тарапынан ұсыныс-пікірлер жинақтау және оларды талқылау.

Состоялся круглый стол с представителями религиозных объединений

Кездесу барысында қатысушылар жаңа Тұжырымдамаға қатысты өзекті мәселелерді көтеріп, сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты жетілдіруге бағытталған бірқатар ұсыныстар мен жаңа тәсілдерді ортаға салды. Діни бірлестіктердің өкілдері мемлекеттік саясаттың тиімділігін арттыру, ашықтық пен есептілікті күшейту бағытындағы бастамаларға ерекше назар аударды.

Состоялся круглый стол с представителями религиозных объединений

Іс-шара қорытындысы бойынша айтылған ұсыныстар мен пікірлер алдағы уақытта ескерілетін болады.