ҚМДБ 2025 жылдың діни күндер кестесін бекітті
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының шариғат және пәтуа бөлімі 2025 жылғы діни күндер кестесін бекітті. Бұл туралы abaidan.kz ақпараттық агенттігі діни басқарманың ресми сайтына сілтеме жасап хабарлайды. Хижри айлардың басталуы халықаралық астрономиялық зерттеу орталықтарының мәліметтері негізінде жасалды. Пәтуа мамандары діни мерекелердің нақты күндері жаңа айдың көрінуіне байланысты көрсетілген уақыттан бір күн шегерілуі немесе алға жылжуы мүмкін екенін ескертеді. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы өкілдерінің мәліметінше, келер жылы Рамазан айы 1 наурызда кіреді. Ал Қадір түні 26 наурыздан 27 наурызға қараған түнге белгіленген. Ораза айт 30 наурыздан басталады. Сондай-ақ Құрбан айт маусымның 6-7 -8 аралығында өтеді.
#айт, #религия, #Духовное управление мусульман Казахстана