"Ораза айт 20 наурызда басталады": Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы 2026 жылғы діни күндер кестесін бекітті
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы 2026 жылғы діни күндер кестесін бекітті. Бұл туралы abaidan.kz ақпараттық агенттігі Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды. Кестені Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шариғат және пәтуа бөлімі бекітті. Бұл туралы ҚМДБ баспасөз қызметі хабарлап, 2026 жылғы діни күндер күнтізбесін жариялады.

Фото: ҚМДБ
Кестеде Ораза 19 ақпанда басталады. Қадір түні 16-сынан 17 наурызға қараған түнді көрсетіп тұр. Ал Ораза айт 20 наурызға, Құрбан айттың бірінші күні 27 мамырға сәйкес келеді.
"Хижри айлардың басталуы халықаралық астрономиялық зерттеу орталықтарының мәліметтері негізінде жасалды. Пәтуа мамандары діни мерекелердің нақты күндері жаңа айдың көрінуіне байланысты көрсетілген уақыттан бір күн шегерілуі немесе алға жылжуы мүмкін екенін ескертеді", – делінген хабарламада.