Абай облысы Абай ауданында «Таза Қазақстан» эклогиялық акциясы аясында ауқымды сенбілік өтті

Абай облысы Абай ауданында «Таза Қазақстан» эклогиялық акциясы аясында ауқымды сенбілік өтті

Қарауыл ауылында түрлі мекеме қызметкерлерінің қатысуымен жол жиектері мен жаяу жүргіншілер жолын абаттандыру жұмыстары жүргізілді, - деп хабарлайды abaidan.kz.  Сондай-ақ бағдаршамдар ауыстырылып, Ералы көшесінің бойында жаяу жүргіншілер өткелі ұйымдастырылды.

-Сәуір айында басталған тазалықтың екі айлығына және «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясына барлығы 1 431 адам жұмылдырылып, 29 бірлік техника көшелерді тазартты, 19 450 текше метр тұрмыстық қалдықтар мен қоқыс үйінділері шығарылды. Жеке секторларда 2950 аула тазаланып, 22905 текше метр қатты тұрмыстық қалдықтар арнайы бөлінген орындарға шығарылды. Саябақтар мен мекемелердің аулаларына 4 726 ағаш отырғызылды. Аудан орталығындағы зираттардың қоршаулары сырланып, қалпына келтірілді, - деп атап өтті аудан әкімінің орынбасары Қазыбек Жанғалиев.

Аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Серік Мұқажан акция аясында көшелер мен саябақтарды көгалдандыру қарқынды жүріп жатқанын жеткізді.

 

-Ауданның тазалығы мен абаттандыру жұмыстарына үлес қосқан барлық ауыл тұрғындарына алғысымызды білдіреміз, - деді аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Серік Мұқажан.


#Экология, #Акция" Таза Қазақстан"