Биыл Абай облысында 45 мыңнан астам ағаш отырғызылды

Биыл Абай облысында 45 мыңнан астам ағаш отырғызылды

Абай облысында абаттандыру жұмыстары белсенді жалғасуда. 2024 жылы 65 000 көшет отырғызу жоспарланса, оның ішінде 45 323 ағаш отырғызылды, бұл жоспардың 69,7 % құрайды.

- Күзгі егіс жұмыстарына қарай біз жоспарды 100% - ға дейін іске асыруды көздеп отырмыз. Өткен жылы 74 950 көшет отырғызылып, жоспар толығымен орындалды, — деп атап өтті Облыстың табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы Айнұр Ақмырза.

Семей қаласының дендрологиялық жоспарын әзірлеу жұмыстары жүргізілуде. Жоба аясында қала көшеттерін есепке алудың ақпараттық жүйесі құрылуда. Бұл мақсаттарға бюджеттен 45 миллион теңге бөлініп, жобаны 2024 жылдың желтоқсан айында аяқтау жоспарлануда. Сонымен қатар, "Таза Қазақстан" бағдарламасы аясында облыс аумағында, оның ішінде "Семей орманы" орман резерватының аумағында облыс тұрғындары 135,5 мың ағаш және 8,6 мың бұта отырғызды.


#Экология, #Абайская область