«Таза Қазақстан» экоакциясы аясында Абай атындағы орталық саябақта тазалық жұмыстары өтті

«Таза Қазақстан» экоакциясы аясында Абай атындағы орталық саябақта тазалық жұмыстары өтті

Бүгін Абай ауданында «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында Абай атындағы орталық саябақта «Таза саябақ» сенбілігі ұйымдастырылды.

Сенбілікке барлығы 150-ден астам мекеме қызметкерлері және белсенді ауыл тұрғындары қатысып, саябақтың аумағын қоқыстан тазартты.

Шараға қатысушылар саябақтың айналасын ретке келтіріп, көгалдарды қоқыстардан, жапырақтардан және сынған бұтақтардан тазартты. Акция аясында «Риза» КММ арнайы шөп шабатын машиналары мен көлік техникасымен қоқысты аумақтан шығарды. Абай аудандық мәслихатының төрағасы Мақсат Нұрсұлтанұлы тазалық жұмыстарымен қоса, абаттандыру жұмыстары жүргізілгенін атап өтті.

– Ауданда республикалық тазалық акциясы тазалық жұмыстарымен қатар инфрақұрылымдық жұмыстар да қарқынды жүргізілуде. Оның ішінде ауылдық округтерге көше шамдарын орнату, балалар ойын алаңдарын салу, аудан орталығындағы бағдаршамдарды ауыстыру, 50 бейнебақылау камерасын орнату жұмыстары жүргізілді. Сондай-ақ, жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында оқу орындарының жанынан арнайы жол белгілері ауыстырылып, арнайы белгілер орнатылды», - деді ол.

«Жасыл ел» жасағының қатысушысы Еркежан Серікқызы ауданды тазалауға тұрғындар белсене қатысқандығын атап өтті..

-  «Жасыл ел» еңбек жасағының сарбаздары ауданды тазалауға белсенді қатысуда, абаттандырумен, көгалдандырумен айналысуда. Бүгін Орталық саябақтың тазалығы мақсатында ауданда тазалық жұмыстарына да қатысты, - деп бөлісті Еркежан.


#Экология, #Абайская область, #Акция" Таза Қазақстан"