Абай облысы әкімінің Татарстан Республикасына жұмыс сапары басталды
Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаевтың Татарстан Республикасына жұмыс сапары басталды,-деп хабарлайды abaidan.kz тілшісі Абай облысы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Делегация құрамында Семей және Курчатов қаласының әкімдері, мәслихат төрағасы, өңірдің ірі кәсіпкерлері мен бизнес өкілдері, басқарма басшылары, ЖОО-ның ректорлары бар.
Сапар барысында өнеркәсіп орталықтары мен Инвестицияларды дамыту агенттігінің Бірыңғай таныстыру орталығына бару жоспарланған. Сонымен қатар, Татарстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Василь Шайхразиев және Татарстан Республикасының Раисы Рустам Миннихановпен және ірі компания басшыларымен кездесу өтеді.
#Абайская область, #Аким области Абай