Абай облысы сыртқы сауданы және халықаралық жолаушылар тасымалын дамытуды көздейді
Абай облысының делегациясы Қазақстан мен Қытай шекарасындағы ҚХР Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық ауданы Тарбағатай округінің басшылығымен кездесті,-деп хабарлайды abaidan.kz тілшісі Абай облысы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Сапардың мақсаты – өңірлер арасындағы екіжақты қатынастарды нығайту мәселелерін талқылау.
Делегация құрамында облыс әкімі, Абай облысының Мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы, шекара қызметі, Семей қаласының халықаралық әуежайының директоры бар. Абай облысында екі ел арасындағы транзиттік торап ретінде өңіріміздің әлеуетін ашуға бағытталған арнайы «Жол картасы» бекітіліп, белсенді іске асырылып жатыр. Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық ауданы мен Абай облысы арасында әуе рейстерін енгізу жоспарланған.
Бұл инфрақұрылымды жақсартуға және өзара экономикалық қатынастарды нығайтуға ықпал етеді. Осы тұрғыда Семей қаласындағы Халықаралық әуежайының рөлі маңызды рөл атқарады. Сондай-ақ, Қазақстанның ішкі инфрақұрылымын, яғни әуе, теміржол және автомобиль жолдарын нығайту шаралары қабылдануда.
Алакөл көлінің туристік әлеуетін ескере отырып, Үржар ауданындағы әуежай ұшақтарды қабылдауға дайын.
Осы арқылы жолаушылар ағыны артады деп жоспарланған.
«Абай облысы екі ел арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға және сауда-экономикалық байланыстарды дамытуда «алтын көпір» болуға әлеуметі зор.. Осы ретте, Бақты өткізу пунктіндегі қайта жаңарту жұмыстарына байланысты, кедергісіз халықаралық жолаушылар ағыны мен сыртқы сауда үшін уақытша өткізу пунктерін ашу мүкіндігін қарастыруға мүдделіміз. Оған өз тарапымыздан тиісті қолдау көрсетеміз. Біздің де көздегеніміз тиімді инвестициялық орта қалыптастырып, жаңа жобалардың жүзеге асуына жан-жақты көмек көрсету», - деп атап өтті Нұрлан Ұранхаев.«Аягөз-Тачэн» теміржол маршруттары арқылы, сондай-ақ құрғақ порт пен Ертіс өзенін пайдалану арқылы Қытаймен көлік байланыстарын орнату жөніндегі жобалар өңірдің транзиттік әлеуетін нығайтуға бағытталған.
#Абайская область, #Китай, #Казахстан, #пассажирские перевозки