Абай облысына 495,2 млрд.теңге инвестиция тартылды

Абай облысына 495,2 млрд.теңге инвестиция тартылды

Облыс әкімі Берік Уәли Үкімет отырысында өңірдің  экономикалық-дамуы қорытындылары туралы баяндады.  2025 жылдың есепті кезеңіне облыстың қысқа мерзімді экономикалық индикаторы 101% құрады. Ұлттық даму жоспарына сәйкес биылғы жылға жеткізілген жоспар 103,6% орындалды. Өсім көлік саласында 125,2%, байланыста 106,1%, ішкі саудада  103,7%, өңдеу өнеркәсібінде 102,8%, құрылыста 102,5%, ауыл шаруашылығында  100,9% қамтамасыз етілді.

Есепті кезеңде облыс экономикасына 495,2 млрд.теңге инвестиция тартылып, нақты көлем индексі 104,6% құрады (оның ішінде жеке инвестиция – 355 млрд теңге, нақты көлем индексі – 98,1%).

Өңірге инвестиция тарту бойынша нақты іс шаралар атқарылып жатыр.

«Облыс экономикасының тұрақты өсімін қамтамасыз ету мақсатында жыл басынан бері инвестициялық жобалардың саны 29-дан 98-ге дейін өсіп, тартылатын инвестициялар көлемі 2,2 трлн теңгеден 3,8 трлн теңгеге ұлғайды. Оның ішінде 16,1 млрд. теңгеге 10 жоба жүзеге асырылды, 228 жұмыс орны құрылды», - деді аймақ басшысы.

Жыл соңына дейін 14,2 млрд. теңгеге 280 жұмыс орнын құруды көздейтін тағы 4 жоба іске асырылады. Семей қаласында жаңа шағын ауданының жобасы әзірленіп жатыр. Жаңа инфрақұрылым тұрғын үй құрылысын дамытуға мүмкіндік береді. Биыл 270,5 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға беріледі. Басқа көрсеткіштер бойынша жыл қорытындысында өсім қамтамасыз етіледі.


#Абайская область, #экономика, #инвестиция