Абай облысында алғаш рет бал жәрмеңкесі өтті
Семей қаласында алғаш рет ауқымды облыстық бал жәрмеңкесі өтіп, оған 3 мың тоннадан астам бал ұсынылды,-деп хабарлайды abaidan.kz тілшісі Абай облысы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Шараға Семей қаласынан - 3, Үржар ауданынан - 3, Бородулиха ауданынан - 2, Көкпекті ауданынан - 1 және Жарма ауданынан - 1 омарта шаруашылығы өкілдері қатысты.
Жәрмеңке қонақтары тегін балдың дәмін татуға мүмкіндік алды. Тұрғындарға өнімдер тиімді бағада ұсынылды.
Сондай-ақ омарташылар Абай облысы әкімінің Алғыс хаттарымен марапатталды.