Абай облысында тұрғын үй құрылысы бақылауда

Абай облысында тұрғын үй құрылысы бақылауда

Басқарма мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау мен қадағалауды және лицензиялауды, аттестаттауды жүзеге асырып, осы саладағы заңдылықты қадағалайды. 
Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингтеАбай облысының бақылау басқармасының басшысы Шыңғыс Аманжолов  пайдаланылған материалдардан салынған үйдің жағдайы туралы айтты, - деп хабарлайды abaidan.kz  тілшісі.

 - Бүгінде қаладағы бір үйге қатысты сот шешімі бар. Біз бірінші сатыдан өттік, ол жерде сот бізді қолдамады. Облыстық апелляциялық сот алқасына жүгініп, онда біздің талаптарымызды қолдап, бастапқы шешім күшін жойды. Сот шешіміне сәйкес пайдаланылған құрылыс материалдары бөлшектелетін болады, - деді Шыңғыс Аманжолов.

Қазір сәулет-құрылыс бақылау және қадағалау саласында 121 жоспардан тыс тексеру жүргізіліп, 90 субъект әкімшілік жауапкершілікке тартылды, 90 ұйғарым берілді.

Жалпы, жалпы сомасы - 57,03 млн. теңгеге 305 әкімшілік іс қозғалды, оның ішінде 91 әкімшілік іс әкімшілік сотқа шешім қабылдау үшін жіберілді. 

- Қазір халық заңды айналып өтіп, келісім-шарт жасасады. Хаттамалық тапсырма бойынша, архитектура басқармасы осындай ұсыныстардың жарнамасын үнемі қадағалап, бізге жібереді. Егер мұндай фактілер анықталса, біз құқық қорғау органдарына, прокуратура мен Экономикалық тергеп-тексеру департаментіне хабарласамыз», - деп толықтырды басқарма басшысы.

"Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы" заңының 7-бабына сәйкес тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу 3 бағытта ұйымдастырылады: бірыңғай оператордың кепілдігін алу, екінші деңгейдегі банктің жобасына қатысу, көппәтерлі тұрғын үйдің негізгі бөлігін салғаннан кейін үлескерлердің ақшасын тартуға болады.  Көппәтерлі тұрғын үйлер салу үшін жеке және заңды тұлғалардың ақшасын осы бапта көзделмеген өзге де тәсілдермен тартуға тыйым салынған.


#Абайская область, #жилье