Абай облысының әкімі: 9 айдың қорытындысы бойынша өңірдің даму көрсеткіштерінің өсуі байқалады

Абай облысының әкімі: 9 айдың қорытындысы бойынша өңірдің даму көрсеткіштерінің өсуі байқалады

ОКҚ алаңында облыстар мен республикалық маңызы бар қалалар әкімдерінің баспасөз конференциясында Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаев өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы баяндады,-деп хабарлайды abaidan.kz ақпараттық агенттігі өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.
«Биыл 9 айдың қорытындысы бойынша өңірде көрсеткіштердің өсуі байқалады. Өңірдің қысқа мерзімді экономикалық индикаторы – 105,3% құрады», - деді Нұрлан Ұранхаев. Көрсеткіштер: 
- үлкен өсім құрылыс саласында (131,6%), өнеркәсіпте (102,6%), ішкі саудада (110,5%), ауыл шаруашылығында (106,4%), инвестицияларда (100,5%) тіркелді;
- 237 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға беріліп, 2 мың отбасы баспаналы болды. 
- орташа айлық жалақы 2-тоқсанның қорытындысы бойынша 12,3%-ға өсіп, 340 мың теңгені құрады.
- 2024 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша мемлекеттік бюджетке 294,9 млрд теңге салық түсті. Оның ішінде, республикалық бюджетке 197 млрд теңге түсті.


#Абайская область, #экономика