Абай облысының бюджеті қалай игерілуде?

Абай облысының бюджеті қалай игерілуде?

Абай облысының 2023 жылға арналған бюджеттің жылдық көлемі 419 928,3 млн теңгені құрайды, оның ішінде облыстық бюджет – 279 914,7 млн теңге, аудандар мен қалалар бюджеті – 140 013,6 млн теңге. Бұл туралы Абай облысы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап, abaidan.kz тілшісі. 

Берілген ақпаратқа сай, ағымдағы жылдың 10 айы бойынша 312 778,8 млн теңге жоспарда (облыстық – 209 143,1 млн теңге, аудандар мен қалалар – 103 635,7 млн теңге), 304 066,4 млн теңге немесе 97,2% игерілді (облыстық – 205 728,6 млн теңге, аудандар мен қалалар – 98 337,8 млн теңге).

Бөлінген қаражаттың негізгі көлемі келесі салаларға бағытталған:

 - Білім беру – 118 894,5 млн теңге;

 - Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық – 58 370,0 млн теңге;

-  Көлік және коммуникация – 28 036,1 млн теңге;

-  Ауыл, су, орман, балық шаруашылығы, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар, қоршаған ортаны және жануарлар дүниесін қорғау, жер қатынастары – 23 732,8 млн теңге;

-  Әлеуметтік көмек және әлеуметтік қамсыздандыру – 21 231,2 млн теңге;

-  Жалпы сипаттағы мемлекеттік қызметтер – 12 843,0 млн. теңге;

 - Мәдениет, спорт, туризм және ақпараттық кеңістік – 12 203,7 млн теңге;

-  Қоғамдық тәртіп, қауіпсіздік, құқықтық, сот, қылмыстық-атқару қызметі - 6 744,4 млн теңге;

-  Денсаулық сақтау – 3 071,8 млн теңге;

-  Өзге салаларға – 18 938,9 млн теңге.

Ағымдағы жылдың 10 айының қорытындысы бойынша облыс бюджетін игеру көрсеткіші 97,2% құрады. Игерілмеген қаражат қалдығы мердігерлік ұйымдардың жұмыс жүргізу кестесінен артта қалуына байланысты, мемлекеттік сатып алу нәтижелері мен басқа да шығыстар бойынша үнемдеулер есебінен қалыптасты.


#Абайская область, #бюджет