"ADAL AS" компаниясы "Halal Expo - 2024" халықаралық көрмесіне қатысуда

"Halal Expo - 2024"  халықаралық көрмесі биыл Тараз қаласында өтуде.  Көрмеге "ADAL AS" компаниясы өз өнімдерін қойып, келушілер назарына ұсынды,,-деп хабарлайды abaidan.kz ақпараттық агенттігі.  "ADAL AS" компаниясының құрылтайшысы Ермек Мезібаевтың айтуынша,  екі күнге созылатын көрмеге халал өнім өндіретін 70-ке жуық отандық кәсіпорындармен бірге бірнеше шетелдік өндіріс орындары да өнімдерін ұсынуда.  Бұл адал кәсіп жасап жүрген жандардың еңбектерінің нақты көрінетін сәті. Жалпы көрменің мақсаты - отандық халал индустрияны дамыту, өндіріс орындарының бәсекелестігін арттыру, іскерлік байланысты нығайту. 

Дәстүрлі түрде өткізілетін халықаралық халал өнімдер көрмесіне әлемдік және отандық кәсіпкерлер мен инвесторлар, өндіріс саласының үздіктері мен мемлекеттік ұйымдар, сарапшылар мен БАҚ өкілдері қатысуда.

Халал индустриясы бұл – әлемдегі 3 млрдтан астам мұсылманға ғана емес, күллі адамзатқа сапалы өнім ұсынатын қарқынды даму үстіндегі сала. Қазіргі таңда қаржы, туризм, логистика, фармацевтика, азық-түлік секілді түрлі салаларды қамтиды. Қарқынды экономикалық даму, жан басына шаққандағы табыстың артуы – әртараптандырылған халалға сұраныстың ұлғаюына ықпал етті.

Соңғы жиырма жыл ішінде «халал нарығы» өте жас күйден қарқынды даму үстіндегі динамикалық құбылысқа айналды. Халал тағам – тек мұсылмандар үшін ғана емес, күллі әлем жұртшылығы үшін маңызды. Себебі, «халал» сөзін шариғат термині деп қана емес, «сапалы», «таза», «зиянсыз» өнім дегенді білдіреді.

HALAL EXPO халықаралық көрмесінің құндылығы мен маңызы кәсіпкерлердің дамуы  мен табысты болуына мүмкіндік беріп, отандық халал индустриясының даму қарқынын көрсетуде. Бұл көрме белді кәсіпорындар мен беделді кәсіпкерлерді, қоғам қайраткерлері мен дін мамандарын, өндірушілер мен тұтынушыларды бір шаңырақ астында біріктіретін мәдени шара. 

Биыл компанияға - 15 жыл!


#Ас ТаL, #Адал Ас