"ADAL AS" компаниясы" "Туған жерге туыңды тік" инвестициялық форумындағы көрмеде өнімдерін ұсынды
2025 жылдың 20 маусымында Семей қаласында "Туған жерге туыңды тік" атты ауқымды инвестициялық форум ұйымдастырылды. Шараның мақсаты – аймақтың экономикалық әлеуетін арттыру, кәсіпкерлік саласындағы өзара әріптестікті нығайту және жергілікті өндіріс орындарын қолдау болды.


Форумға Абай облысы мен өзге өңірлерден келген кәсіпкерлер, инвесторлар, мемлекеттік мекемелердің өкілдері, сонымен қатар түрлі сала мамандары қатысты. Іс-шара аясында жергілікті өндірушілер өз өнімдерін ұсынды, жаңа жобалар таныстырылып, инвестициялық келісімдер жасалды.


Форумға облыстағы ірі өндірістік кәсіпорындардың бірі – "ADAL AS компаниясы" да қатысты. Компания өзінің табиғи, сапалы азық-түлік өнімдерімен танымал. Форум барысында "Адал Ас" өз өнімдерін арнайы көрмеде ұсынды. Қатысушылар мен қонақтар компанияөнімдерінің жоғары сапасын ерекше бағаладыКомпания өкілдерінің айтуынша, мұндай форумдар өндірісті кеңейтуге, жаңа серіктестер табуға және өңірдің әлеуетін тиімді пайдалануға үлкен мүмкіндік береді.

– Біз үшін бұл – өз өнімімізді таныстырып қана қоймай, жаңа инвестициялық жобаларды жүзеге асыруға бағытталған маңызды қадам. Болашақта өндірісті ұлғайтып, экспорт көлемін арттыруды көздеп отырмыз, – деді "ADAL AS" компаниясының Құрылайшысы Ермек Мезібаев.

Форум қорытындысы бойынша 15-тен астам меморандумға қол қойылып, өңірдің бизнес-ортасын дамытуға бағытталған нақты жоспарлар жасалды.
#Абайская область, #форум, #инвестиция, #Адал Ас