Әлеуметтік-экономикалық даму мәселелері талқыланды

Әлеуметтік-экономикалық даму мәселелері талқыланды

 Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаевтың төрағалығымен өткен жиында Әлеуметтік-экономикалық даму мәселелері талқыланды,-деп хабарлайды abaidan.kz  тілшісі Абай облысы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Жиналысқа қала, аудан әкімдері, басқарма басшылары қатысты.

 Жиын барысында Абай облысының әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары қаралып, бюджет қаражатының болжамды игерілуі жөнінде талқыланып, негізгі капиталға инвестиция тарту мәселесіне назар аударылды. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмаларының орындалу барысы жөнінде сөз қозғалды. 

Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы, Қаржы басқармасының, кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасының басшысы мен облыс әкімінің аппарат басшысының орынбасары баяндама жасады. 

Жиын соңында Нұрлан Ұранхаев тиісті басқармалар мен қала, аудан әкімдеріне бірқатар тапсырма жүктеді. Бұл бағыттағы жұмыстар қарқынды жүргізіліп жатыр. 


#Абайская область