"АрселорМиттал Теміртау" жаңа инвесторы белгілі болды

Индустрия және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев "АрселорМиттал Теміртау" жаңа инвесторын жариялады, - деп хабарлайды abaidan.kz тілшісі  Tengrinews.kz .

"Жаңа инвестор бойынша, ол Allur компаниялар тобы, Андрей Сергеевич Лаврентьев. Олар алдағы бір-екі күнде тікелей иелік етеді", - деді Шарлапаев үкіметтің брифингінде. Айта кетейік, 30 қарашада Индустрия және құрылыс министрлігі Қазақстан үкіметі мен ArcelorMittal арасындағы келісім соңғы кезеңіне жақындап қалғанын хабарлаған болатын. Бұл шараның маңыздылығын ескере отырып, министрлік мәміле аяқталғаннан кейін дереу брифинг өткізуге уәде берген еді.


#Караганда, #компания"АрселорМитталТемиртау"