Бензин бағасының күрт өсуіне жол бермейміз – Энергетика министрі

Бензин бағасының күрт өсуіне жол бермейміз – Энергетика министрі

Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов жанар-жағармай бағасының қымбаттау ықтималдығына пікір білдірді,-деп хабарлайды abaidan.kz  ақпараттық агенттігі    kaz.inform.kz сілтеме жасап.

- Мораторий жарияланған кезде баға өсімін тоқтаттық, тосқауыл қойдық. Нарықтық тетіктерді ерікті түрде тоқтаттық. Егер, 31 наурыздан кейін Үкімет жанар-жағармай құю стансаларының қызметін қайтадан араласпау туралы шешім қабылдаса және нарық жұмыс істесе, онда ішкі сұраныс пен ішкі ұсыныс баға белгілеуді дамытудың мұнан арғы шарттарына ықпал етеді, - деді ол.

Ерлан Ақкенженов Энергетика министрлігі 2025 жылдың 1 ақпанынан бастап жанар-жағармай нарығын реттеумен айналыспайтынын баса айтты.

- Біз бағаның күрт өсіміне жол бермейміз. Мұның бәрі экономикамыздың қазіргі жағдайына жауап беретін болады, - деді министр.

Естеріңізге сала кетсек, өткен жылдың 16 қазанынан бастап инфляция деңгейі тұрақтанғанға дейін АИ-92 маркалы бензин мен дизель отыны бағасын одан әрі көтеруге мораторий енгізілген еді.


#экономика, #энергетика, #бензин