Еліміз 2022/2023 маркетинг жылында астықтың рекордтық көлемін экспортқа шығарады

Еліміз 2022/2023 маркетинг жылында астықтың рекордтық көлемін экспортқа шығарады

Еліміз 2022/2023 маркетинг жылында астықтың рекордтық көлемін экспортқа шығарады. Бұл туралы «Қазақстанның астық одағы» Сауда комитетінің басшысы Александр Малов айтты, деп хабарлайды abaidan.kz АА ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

«Осы маркетинг жылды (2022/2023 жылдары) позитивті нотада аяқтаймыз. 1 қыркүйекке қарай экспорт көлемі 11 млн тоннаға дейін жетеді. Бұл соңғы 10 жылдағы айтарлықтай рекордтық экспорт саналады», - деді Александр Малов БАҚ өкілдеріне арналған дөңгелек үстел барысында.

Оның атап өтуінше, аталған кезеңде Қазақстан темір жолы, Ауыл шаруашылығы министрлігі және нарық қатысушылары тарапынан өте ауқымды жұмыс еңсерілді.

«Нарықтың өзі де қандай да бір реттеу, шектеу іс-шараларының болмауының арқасында аталған көрсеткішке шығып отыр. Бұған қоса, Ресейден мол импорттың болғанына да назар аудартқым келеді. Өткен жылы рекордтық өнім жиналды. Бұл ретте біз қандай да бір реттеуші іс-шаралары болмағандықтан тапсырманы орындай алдық», - деді ол.


#Сельское хозяйство, #экономика, #зерно