Fix Price акционерлері компанияны Кипрден Қазақстанға ауыстыруға шешім қабылдады

Fix Price акционерлері компанияны Кипрден Қазақстанға ауыстыруға шешім қабылдады

Fix Price белгіленген бағалар дүкені операторының акционерлері компанияны Қазақстанда тіркеу туралы шешім қабылдады. Бұл туралы компанияның баспасөз қызметі хабар таратты, деп хабарлайды abaidan.kz тілшісі Kazinform-ға  сілтеме жасап.

Юрисдикцияны ауыстыру туралы шешім 9 қарашада өткен акционерлердің кезектен тыс жиналысында қабылданды.

Компания Қазақстандағы «Астана» халықаралық қаржы орталығында («АХҚО») тіркеледі және редомицилиация процесі аяқталғаннан кейін Лондон қор биржасында және Мәскеу биржасында GDR листингін сақтап қалуға ниетті. Қазақстан 30 қыркүйектегі жағдай бойынша 262 дүкені және шамамен 1,6 мың қызметкері бар бөлшек сауда үшін ең ірі 3 нарықтың қатарына кіргендіктен таңдалды.

«Fix Price дүкендер қатарын барлық елдерде және жаңа географияларда белсенді түрде арттыруды жоспарлап отыр. Біздің желі үшін Қазақстан - үшінші ірі нарық, сондықтан біздің басты назарымызда», - делінген компания хабарламасында.


#финансы, #Казахстан