Қазақстанда алғашқы АЭС құрылысы ресми түрде басталды
Қазақстандағы алғашқы атом электр станциясының құрылысы ресми түрде басталды,- деп хабарлайды abaidan.kz ақпараттық агенттігі Kazinform сілтеме жасап.
Алматы облысындағы Үлкен ауылының маңында Қазақстан тарихындағы алғашқы атом электр станциясының құрылысын бастау рәсімі өтті.
Салтанатты шараға ҚР Атом энергетикасы агенттігінің басшысы Алмасадам Сәтқалиев, «Росатом» мемлекеттік корпорациясының бас директоры Алексей Лихачёв және басқа да ресми тұлғалар қатысты.