Қазақстанда кәсіпкерлерге қойылатын мыңға жуық талап алынып тасталмақ

Қазақстанда кәсіпкерлерге қойылатын мыңға жуық талап алынып тасталмақ

Сенат депутаты Сұлтанбек Мәкежанов Қазақстанда жыл соңына дейін кәсіпкерлерге қойылатын қажетсіз мыңға жуық талапты алып тастау жоспарланғанын мәлімдеді, деп хабарлайды abaidan.kz тілшісі 24.kz сілтеме жасап. Қазірдің өзінде заңнамалық тәртіп жеңілдеп, 9 мыңнан аса талап алынып тасталды. Жыл соңына дейін тағы мыңға жуық міндетеме қысқарады. Бұл жайлы сенат депутаты Сұлтанбек Мекежанов мәлімдеді. Оның айтуынша, елде қабылданатын жаңа Салық кодексі аясында салық төлемі 20 пайызға дейін азаяды. Сондай-ақ мемлекеттің экономикадағы үлесін төмендету де жоспарланып отыр. Соған байланысты жекешелендіру жұмысы қарқын ала бастады. "2025 жылға қарай мемлекеттің экономикадағы үлесін 14 пайызға дейін төмендетуге ұсынылып отыр. Жекешелендірудің кешенді жоспарын іске асыру шеңберінде 380 нысан іске асырылды, 64 нысан тарату немесе қайта ұйымдастыру сатысында тұр. Жаңа Салық кодексі әзірленіп жатыр, оның шеңберінде салық төлеушіге бағдарланған әкімшілендірудің сервистік моделі енгізілетін болады. Салық есептілігі 30 пайызға, ал салық төлемдері 20 пайызға қысқарады", - деді парламент сенатының депутаты Сұлтанбек Мәкежанов. 


#право, #экономика, #бизнес, #налог