"ҚазМұнайГаз" АИ-95 маркалы бензин не себепті жетпей жатқанын түсіндірді
18 шілдеде Астанада өткен баспасөз мәслихатында "ҚазМұнайГаз" ҰК" АҚ басқарма төрағасының орынбасары Дмитрий Макеев еліміздегі кейбір жанар-жағармай құю бекеттерінде АИ-95 маркалы бензин неліктен жетпей жатқанын түсіндірді, деп хабарлайды агенттік тілшісі Zakon.kz сілтеме жасап.
Ол АИ-95 жоспар бойынша толық өндірілгенін айтты.
"Иә, кейбір жанар-жағармай құю бекеттерінде АИ-95 жетіспейді деген хабарламалар келіп жатыр. Бұл бірінші кезекте логистикаға байланысты.Өйткені, мысалы, батыстан оңтүстік өңірлерге жанар-жағармай жеткізу екі аптаға созылуы мүмкін. Яғни, өнім бар, бірақ ол қазір жолда, келе жатыр. Біздің еліміз өте үлкен, арақашықтық өте үлкен, ал логистика біраз уақыт алады. Жалпы, біз сұрыптау бойынша тиісті техникалық шаралар жүргіздік".Дмитрий Макеев
Жалпы, "ҚазМұнайГаз" ҰК" АҚ басқарма басшысының орынбасары атап өткендей, жарияланған көлемдер орындалып жатыр.
"Кәсіпорындардың бірінде осындай жағдайлар туындаған кезде біз Энергетика министрлігімен бірлесіп тиісті түзету шараларын қабылдаймыз. Бұл қайта сұрыптау шаралары деп аталады. Яғни, кәсіпорындардың бірі қосымша көлем алуы мүмкін. Жалпы, бензиннің жалпы көлемі толығымен өндірілді деп айта аламын, бірақ әрбір кәсіпорын үшін жалпы бензин массасының қанша бөлігін 92-де, қаншасын - 95-те өндіру керек талаптар бөлінген".Дмитрий Макеев
Оның айтуынша, жанармай өндірісінің жүктемесі Атырау мұнай өңдеу зауытына түсіп жатыр.
"2023 жылдың бірінші жарты жылдығының қорытындысы бойынша зауыт ҚР Энергетика министрлігі бекіткен жоспардан артық бензин өндірді. 2,4 миллионға жуық жоспар болса, іс жүзінде 2,6 миллион тонна өндірдік. Бұл – бекітілген жоспардан 107% өндірілді деген сөз. Оның ішінде АИ-92 өндіру жоспары мерзімінен бұрын орындалды: жоспар 417 мың тонна болса, 449 мың тонна өндірілді. Авиациялық отын жоспары 309 мың тонна болса, нақты 303 мың тонна өндірілді, дизель отыны 2,5 млн тонна деп жоспарланып, 2,7 млн тоннадай өндірілді".Дмитрий Макеев
2023 жылғы 27 маусымда Қазақстан Республикасының Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев елімізде АИ-95 маркалы бензин бағасының көтерілу қаупі бар екенін мойындады, өйткені жазда елде автокөлікпен сапарлар көбейеді. Ол елімізде АИ-92 маркалы бензиннің қажетті көлемі сақталғанын, қазір мұнай базаларында 23 күндік жанармай қоры бар екенін айтты. Энергетика министрі АИ-92 тапшылығы немесе бағасының өсу қаупі жоқ екенін айтқан еді.