Облыс әкімі үндістандық инвесторлармен кездесті
Бүгін облыс әкімі Берік Уәли «Kazakhstan Silicon Alloys» компаниясының басқарушы директоры Паниграхи Бхакта Кишор бастаған шет елдік делегациямен кездесті. Бұл туралы abaidan.kz ақпараттық агентті Абай облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Бахрейн Корольдігінің Манама қаласында орналасқан сауда және консалтингтік компания өкілдері кездесуде Семей және Курчатов қалаларында ферросилиций зауытын салғысы келетіндерін айтты. Жалпы инвестиция көлемі 500 миллион АҚШ долларын құрайды.

Инвесторларға зауытты іске қосу үшін 100 гектар жер учаскесі және тиісті инфрақұрылым қажет. Өндіріс озық экологиялық стандарттарға сай жүзеге асырылады.

Аймақ басшысы үндістандық инвесторлармен жобаны бірлесе жүзеге асыруға дайын екенін атап өтті.
«Абай облысы – тоғыз жолдың торабында орналасқан, логистикалық жағынан да, өндірістік әлеует тұрғысынан да өте қолайлы өңір. Курчатов қаласының болашағы зор. Семей қаласында жаңа ықшам аудан салуды бастап жатырмыз. Облыста жаңа, заманауи зауыттың салынғанын қалаймыз. Облыс әкімдігі тарапынан жан жақты қолдау көрсетуге дайынбыз», – деді облыс әкімі.
#Абайская область, #экономика, #инвестиция