Облыс әкімінің бірінші орынбасары инвесторлармен кездесті

Облыс әкімінің бірінші орынбасары инвесторлармен кездесті

Абай облысы әкімінің бірінші орынбасары Ербол Садыр Қытай Халық Республикасынан келген инвесторлар делегациясымен кездесу өткізді, - деп хабарлайды abaidan.kz ақпараттық агенттігі облыс әкімі баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Делегация құрамына «КазНацПроект» ЖШС, «Юг-Сапа Сервис» ЖШС, «RiYeGou» ЖШС, «Commere Line» ЖШС және «Red Coast» ЖШС өкілдері кірді. Сапардың негізгі мақсаты – төрт негізгі бағыт бойынша бірлескен жобаларды іске асыру перспективаларын талқылау: тау-кен өндіру өнеркәсібі, ағаш өңдеу, өнеркәсіптік құрылыс және ауыл шаруашылығы дрондарын өндіру. 

Келіссөздер өзара түсіністік пен сенім жағдайында өтіп, тараптар аймақ экономикасын дамытуға, инвестициялық тартымдылығын арттыруға және ұзақ мерзімді серіктестік орнатуға дайын екендіктерін білдірді.


#Абайская область, #инвестиция