«Омбы-Майқапшағай» республикалық тас жолының сапасы тексерілді
Абай облысында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаментінің өкілдері мен «Жол активтері сапасының ұлттық орталығы» мамандары бірлесіп «Омбы-Майқапшағай» республикалық тас жолын тексерді,-деп хабарлайды abaidan.kz агенттігі «Жол активтері сапасының ұлттық орталығы» Абай облысы филиалының баспасөз қызметіне сілтеме жасап . «Қалбатау-Майқапшағай» бөлігінің 906-1321 -ші шақырымы мен қайта жаңғырту жүргізіліп жатқан № 4-ші учаскенің 995-1045-ші шақырымы аралықтары назарға алынды. Аталған жолда құрылыс бірнеше жылдан бері созылып келеді. Арнайы тексеру кезінде тас жолдың республикалық және облыстық маңызға ие бөліктеріне сараптама жүргізілді. «Жол активтері сапасының ұлттық орталығы» мамандары құрылыстың талапқа қаншалықты сай екендігін анықтады. «Жол активтері сапасының ұлттық орталығы» Абай облыстық филиалы директоры Фурхат Джулановтың айтуынша, бірлескен тексеру нәтижелері облыстық маңызы бар жолдың «Көкпекті-Самар-Васильевск өткелі» аралығындағы, 22-25-ші және 30-35 шақырымдарында ақаулар анықтаған.
- « Аталған жол бөлігінде сегрегация дұрыс жүргізілмеген. Яғни, жайылған асфальттың құрамы бұзылған. 30-655 шақырымында жолдың сол жақ бөлігінде асфальттың астыңғы төсенішінде сәйкессіздік бар. Сондай-ақ кейбір жерлерінде техникалық қадағалау жүргізілмеген.» - дейді «Жол активтері сапасының ұлттық орталығы» Абай облыстық филиалының директоры, Фурхат Джуланов.
Тексеру барысында республикалық маңызы бар «Қалбатау-Майқапшағай» тас жолының жаңғырту жүргізіліп жатқан бөлігінен сынамалар алынды. Жол құрылыс сынама материалдары сынақ зертханасынан өткеннен кейін қорытындысы тапсырыс берушіге жолданады. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау жүргізуге бағылған мұндай шаралар «Жол активтері сапасының ұлттық орталығы» Абай облыстық филиалы мен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес қызметі мамандарымен бірлесіп тұрақты түрде өткізіліп тұрмақ.
#КазАвтоЖол, #«Национальный центр качества дорожных активов»