Өңірде шағын және орта бизнестің саны 54 380 -ге жеткен

Өңірде шағын және орта бизнестің саны 54 380 -ге жеткен

Абай облысының кәсіпкерлік және индустриялық – инновациялық даму басқармасының 11 айдағы қорытындысы туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде брифинг ұйымдастырылды.

 

Басқарма басшысы Рүстем Ворошилов  тақырып төңірегінде баяндама жасап, осы жылдың қорытындысы бойынша облыста шағын және орта бизнестің саны 54 380-ге жетіп, онда 103 952 адам жұмыс жасайтындығын атап өтті.  

- Биылғы жылдың қорытындысы бойынша айтатын болсақ облыстағы бөлшек тауар айналым көлемі 528 млрд теңгені құрап, өткен жылға қарағанда  12 %-ға өсті. Ал, көтерме сауда айналым көлемі 336 млрд теңгеге жетіп, оның өсімі өткен жылмен салыстарғанда  9%-ға ұлғайды, - деді спикер.

Сонымен қатар, брифингте Рүстем Ворошилов  облыстағы әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бағасының индексі 100,3 %-ды құрағандығын да жеткізді.

- Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасын ұстап тұру үшін магазиндерден, базарлар мен ірі сауда объектілеріне дейінгі бағаларды қарайтын 252 мониторингтік топ жұмыс істейді. 2022 жылы Үкімет резервінен өңірлік тұрақтандыру қорын жасау үшін 2 млрд теңге бөлінді. Соның 1,3 млрд теңгесіне әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына форвардтық шарттар жасалды, - деп атады басқарма басшысы.


#экономика, #бизнес