Семей қаласындағы ЖЭО-3 құрылысының барысы талқыланды

Семей қаласындағы ЖЭО-3 құрылысының барысы талқыланды

Облыс әкімі Нұрлан Ұранхаевтың төрағалығымен «Самұрық-Энерго» АҚ басшылығымен бірге ЖЭО-3 құрылысы жобасын жүзеге асыру мәселесіне қатысты кеңес өтті. Кездесу барысында жобаны жүзеге асырудың орны мен кезеңі талқыланды,-деп хабарлайды abaidan.kz тілшісі Абай облысы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Роман Склярдың тапсырмасына сәйкес «Самұрық-Энерго» АҚ ЖЭО-3 құрылысының техникалық-экономикалық негіздемесін әзірлеу рәсімін бастады. Байқау қорытындысы нәтижесінде жобалаушы ретінде «СТРОЙИНДУСТРИЯ» ЖШС таңдалды. 

Бүгінгі таңда Абай облысы әкімдігінің мүдделі басқармасы, ұйымдар, «Самұрық-Энерго» АҚ және Жобалаушыдан жедел жұмыс тобы құрылып, жоспарланған ЖЭО құрылысының учаскесі туралы шешім қабылданды (сол жағалау, Степной ауданы).

Сондай-ақ облыс әкімдігі техникалық параметрлер негізінде ұсыныс енгізді, оған сәйкес жаңа ЖЭО-ның электр және жылу қуаты 360 МВт және 1200 Гкал/сағ болуы тиіс. 

Сонымен қатар, Семей қаласының Бас жоспарын әзірлеу барысында қаланың электр және жылу энергиясына деген қажеттілігін анықтау жоспарлануда.

 Қазіргі таңда «Семей қаласындағы ЖЭО-3 құрылысы» жобасы техникалық-экономикалық негіздеме әзірлеу сатысында. Сонымен қатар, 2023 жылғы 9 қарашада Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі мен Ресей Федерациясының Энергетика министрлігі арасында Семей қаласында ЖЭО салу жобасы бойынша ынтымақтастық туралы өзара түсіністік туралы меморандум жасалды. Сондай-ақ «Самұрық-Қазына» АҚ мен «Интер РАО-Экспорт» арасында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды. 


#Семей, #Абайская область, #отопление