Семейдің жаңа бас жоспарын әзірлеу 92 пайызға орындалды

Семейдің жаңа бас жоспарын әзірлеу 92 пайызға орындалды

Экология Министрлігінен 17 шілдеде стратегиялық экологиялық бағалау жөніндегі есептің оң қорытындысы алынды. Бас жоспарды белгіленген тәртіппен сыбайлас жемқорлыққа қарсы сараптамаға, сондай-ақ "Атамекен" Ұлттық Кәсіпкерлер палатасының қарауына енгізу жоспарлануда. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз мәслихатында облыстық сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасының басшысы Анзор Абаев баяндады,-деп хабарлайды abaidan.kz агенттігі.

- 29 ақпанда қоғамдық талқылаулардың қорытындысы бойынша келіп түскен ескертулер мен ұсыныстарды ескере отырып, бас жоспар бойынша редакцияланған материал Қазақстан Республикасының жаңа экологиялық кодексіне сәйкес орталық мемлекеттік органдарға келісуге және жобаны стратегиялық экологиялық бағалауға бағытталған. Жоба барлық орталық мемлекеттік органдармен келісілді және қазір қала құрылысының сараптамасын жүргізуін күтудеміз, - деп атап өтті спикер.

Сонымен қатар, қыркүйек айында Бас жоспардың жобасы ҚР Үкіметінің қаулысын мақұлдау және одан әрі шығару үшін қала және облыс мәслихаттарына жіберіледі.

- Бүгінгі таңда Семей қаласының Бас жоспарын әзірлеу бойынша жұмыстарды орындау 92% -ды құрайды. Жалпы, басқарманың қала құрылысы жобаларын әзірлеу және пайдаланылмайтын жерлерді айналымға тарту жөніндегі қызметі келешекте елді мекендердің тұрақты дамуын және өңірдің жерлерін ретке келтіріп бөлуді қамтамасыз етеді, - деп қорытындылады Анзор Абаев.


#Семей, #Абайская область, #Генплан