Тбилисиде өңірдегі құрылыс саласын дамытуға арналған Кавказ бен Орталық Азияның құрылыс форумы басталды
Бүгін Тбилисиде (Грузия) өңірдегі құрылыс саласын дамытуға арналған Кавказ бен Орталық Азияның құрылыс форумы басталды. Іс-шараға Кавказ және Орталық Азия елдерінің жол ведомстволарының басшылары, мемлекеттік органдардың, халыкаралық қаржы институттарының, жеке сектордың, Казакстанның, Грузияның, Германияның, Ундістанның, Польшаның, Австрияның, Туркияның,Өзбекстанның және басқа да елдердің жетекші мердігерлік ұйымдарының өкілдері катысты,-деп хабарлайды abaidan.kz агенттігі "Жол активтері сапасының ұлттық орталығы" РМК Абай облыстық филиалының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ірі инфрақұрылымдық жобалар, ғылыми әзірлемелер мен инновациялар автожолдарды салу, реконструкциялау, жөндеу кезінде жұмыстар мен материалдардың сапасын бақылау әдістері саласындағы жетістіктер, құрылыс секторындағы сертификаттау жане білім беру осы және баска да мәселелер форумның панельдік пікірталастарында талқыланды. Ф КР КМ АЖК "Жол активтері сапасының ұлттық орталығы" РМК Бас директоры Болатбек Айтбаев Қазакстандағы автомобиль жолдарының даму хронологиясын жолдардың пайда болу тарихынан бастап жол саласынын қазіргі заманғы құрылымына дейін айтып берді. 190 17025 стандартының жэне ILАС зертханаларын аккредиттеу жөніндегі халықаралық ұйымның талаптарына сәйкес аккредиттелген еліміздің облыстары мен республикалық манызы бар қалаларда 19 филиалы жэне 16 сынак зертханасы бар Жол активтері сапасының ұлттық орталығының жұмысына толығырак тоқталды.
"Сыбайлас жемкорлық тәуекелдерін азайту мақсатында сапа сараптамасының барлық процестерін цифрландыруға және автоматтандыруға көшу бойынша жұмыс жургізілуде. ЖАСУО жобаларының бірі "KаzRoadlab", ол жумыс жургізілетін жерде деректерді жинауды жузеге асыруға және нақты уакыт режимінде орындалған жұмыс актілерін толтыруға, сынақ нэтижелері туралы деректерді енгізуге, актілерге суреттерге түсіріп тіркеуге, сараптама нәтижелерін мобильді құрылғылардан орталық порталға жіберуге мүмкіндік береді,-деді қатысушыларға Б. Айтбаев.
#«Национальный центр качества дорожных активов», #форум, #строительство