Тимур Құлыбаев Kazenergy төрағасы қызметінен кетті
Қазақстандық кәсіпкер Тимур Құлыбаев Kazenergy қауымдастығының төрағасы қызметінен кетті, - деп хабарлайды abaidan.kz тілшісі Tengrinews.kz сілтеме жасап.
Kazenergy мұнай-газ және энергетика кешені ұйымдары қауымдастығының төрағасы болып Мағзұм Мирзағалиев сайланды.
"Тиісті шешім 8 желтоқсанда Алматыда өткен Kazenergy кеңесінің жеке отырысында қабылданды", - делінген қауымдастықтың хабарламасында.
Kazenergy қауымдастығы мұнай-газ саласындағы кәсіпкерлікті дамытуды қолдау мақсатында 2005 жылғы 2 қарашада құрылды.
Тимур Құлыбаев 2005 жылдың қарашасынан бері Kazenergy Қазақстандық мұнай-газ және энергетикалық кешен ұйымдары қауымдастығының төрағасы қызметін атқарды.
Қауымдастық мұнай-газ, электр энергетикасы және атом өнеркәсібінде қызмет ететін 59 компанияны біріктірді. Kazenergy қызметінің мақсаты - әлемде және ҚР-да энергетикалық және экологиялық саясаттағы өзгермелі басымдықтар жағдайында ҚР энергетикалық (мұнай-газ және электр энергетикасы) саласының тұрақты және теңгерімді дамуына жәрдемдесу.
Қауымдастық төрағасының қызметі ерікті негізде және оған ақы төленбейді.