Тоқаев басшысы Назарбаев болған "Самұрық-Қазына" қорын басқару жөніндегі кеңесті таратты
Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қорды басқару жөніндегі кеңесті тарату мәселесіне қатысты қор туралы заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заңға қол қойды, деп хабарлайды abaidan.kz тілшісі KAZ.NUR.KZ сілтеме жасап. Президенттің Қор туралы заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заңға қол қойғаны айтылады. "Ұлттық әл-ауқат қоры туралы" 2012 жылғы 1 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңында 6-1-бап ("Қорды басқару жөніндегі кеңес") алынып тасталсын", - делінген құжатта. Айта кетейік, Қорды басқару жөніндегі кеңес – міндетіне қор қызметінің бәсекеге қабілеттілігі мен тиімділігін арттыру бойынша ұсыныстар әзірлеу кіретін консультативтік-кеңесші орган.