Тұрақтандыру қорының тауарлары ӘКК-нің 12 сауда павильонында сатылуда

Тұрақтандыру қорының тауарлары ӘКК-нің 12 сауда павильонында сатылуда

«Семей» ӘКК» АҚ азық-түлік өндірушілерімен 5 944,6 тонна өнімге 1,3 млрд теңгеге форвардтық келісімдер жасады,-деп хабарлайды abaidan.kz тілшісі Абай облысы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 
Халыққа сатылған өнімдердің ішінде түйіршіктелген қант, күріш, күнбағыс майы, қарақұмық бар.


Сонымен қатар, күзгі егін жинау науқанына «Агрофирма «Приречное» ЖШС-мен жеміс-жидек пен картоп, сәбіз, орамжапырақ, пияз жеткізуге форвардтық келісім жасалды.Тұрақтандыру қорының тауарлары қаланың әртүрлі аудандарында орналасқан ӘКК-нің 12 сауда павильонында (Қарағайлы ықшамауданы, Энергетик шағын ауданы, Әуезов даңғылы, Юности к-сі, Восточный ауылы, 342 квартал, 1 шағын аудан, Кирпичный ауданы, Дальный ауданы, Би Боранбай көшесі, 14 шағын ауданы), сондай-ақ үй маңындағы 30 дүкенде және қаладағы ірі сауда супермаркеттерінде «әлеуметтік бұрыштар» арқылы (Апрель, Адал - 8 дүкені) халыққа тұрақтандыру қорының тауарлары сатылуда. 

Сонымен қатар, сауданы қамтуды арттыру мақсатында қала бойынша бөлшек сауда павильондарын орналастыру үшін 20-ға жуық қосымша учаскелер дайындалып жатыр.

Тұрақты негізде облыстың қала және аудан орталықтары: Курчатов қаласы және Абай, Бородулиха, Бесқарағай, Көкпекті, Ақсуат аудандарының тұрғындарына әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары жеткізіліп отыр.

Ескерту: сатушылар әлеуметтік маңызы бар тауарларға 15%-дейін үстеме баға қоса алады


#Абайская область, #экономика