Үнемделген қаржыдан мемлекеттік қызметшілерге сыйақы беруге тыйым салынды

Үнемделген қаржыдан мемлекеттік қызметшілерге сыйақы беруге тыйым салынды

Қазақстанда мемлекеттік қызметшілерге үнемделген бюджет қаржысы сыйақы түрінде берілмейді. Бұл туралы Қаржы министрі Мәди Такиев мәлім етті,-деп хабарлайды abaidan.kz ақпараттық агенттігі Қазақпаратқа сілтеме жасап.

«Осы мәселені біраздан бері айтқым келіп жүрген. Біз қазынашылық тарапынан Қаржы министрлігіне сыйақы ретінде шоттар ішіндегі қаражатты аударуға тыйым салдық. Егер мемлекеттік органдарда қаржы үнемделсе, оны сыйақыға аудара алмайды», - деп жауап берді Мәди Такиев Мәжілістің жалпы отырысынан кейін БАҚ өкілдерінің сауалына жауап бере тұрып.

Министрдің айтуынша, үнемделген қаржы бюджетке қайтарылады.

«Біз сыйақы түрінде аударуға болатын 112-ші кодты жауып тастадық», - деп толықтырды М. Такиев.

Айта кетейік, Үкімет Ұлттық қор активтерін 100 млрд долларға ұлғайтуды жоспарлап отыр.


#экономика