Еңбекке деген ынта – табыс кепілі
Семей қаласының тумасы Мейрамғали Шурукбаев еңбек жолында жаңа белеске қадам басты. Ол 2025 жылдың 3 шілде күні Семей қаласының Мансап орталығына жұмыссыз ретінде тіркеліп, мемлекеттік қолдау шаралары арқылы тұрақты жұмысқа орналасуға мүмкіндік алды. Атап айтқанда, азамат «Күміс жас» бағдарламасы аясында жұмыспен қамтылып, 2025 жылдың 3 шілдесінен бастап 36 ай мерзімге жеке кәсіпкер Әділжан Камалджановқа «дәнекерлеуші» мамандығы бойынша жұмысқа жолданды. Қазіргі таңда өз жұмысын абыроймен атқарып, еңбек жолын жалғастыруда.

Мейрамғали Мәулікбайұлының айтуынша, бұл бағдарлама оған үлкен мүмкіндік берген.
– «Ұзақ уақыт тұрақты жұмыс іздеп жүрдім. Мансап орталығына барып, “Күміс жас” бағдарламасы арқылы жұмысқа орналасуға мүмкіндік алдым. Қазір тұрақты табысым бар, өз мамандығым бойынша еңбек етіп жүрмін. Осындай қолдау көрсеткен мемлекетке және Мансап орталығының мамандарына алғысымды білдіремін. Ең бастысы – адамға еңбек етуге мүмкіндік беріледі», – дейді ол.
«Күміс жас» бағдарламасы – зейнет жасына таяған азаматтарды қолдауға бағытталған маңызды мемлекеттік жоба. Бағдарлама аясында жұмыссыз азаматтар тұрақты табыс тауып қана қоймай, өз тәжірибесі мен кәсіби біліктілігін еңбек нарығында тиімді пайдалануға мүмкіндік алады. Мейрамғали Шурукбаев еңбекке деген ынтасы мен жауапкершілігі көпшілікке үлгі. Мемлекеттік бағдарламаның арқасында ол бүгінгі күні тұрақты жұмыспен қамтылып, қоғамның белсенді мүшесі ретінде еңбек етуде.
#Семей, #Абайская область, #Трудоустройство