Абай облысында мемлекеттік қызмет көрсету сапасына қашықтан мониторинг жүргізу арқылы кәсіпкердің құқықтары қорғалды

Абай облысында мемлекеттік қызмет көрсету сапасына қашықтан мониторинг жүргізу арқылы кәсіпкердің құқықтары қорғалды

Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметістері агенттігінің Абай облысы бойыншадепартаменті мемлекеттік қызмет көрсету сапасынақашықтан мониторинг форматында бақылау әдісін тиімді пайдаланады.

Бұл бақылау құралы мемлекеттік қызметкөрсету процесінде бұзушылықтарды алдын ала анықтауға және алдын алуға, сондай-ақ көрсетілетін қызметті алушылардың құқықтарын қорғауға ықпал етеді.       

Қашықтан мониторингті сәтті қолданудың мысалы  ретінде металл сынықтарын жинау және өткізу жөніндегі қызметті жүзеге асыруға рұқсат алуға өтінім берген ЖШС-мен өзара іс-қимыл болды.

Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, осы саладағы лицензиялау рәсімі бірқатар уәкілетті органдармен міндетті түрде келісуді қамтиды. Алайда, келісупроцесінде келісуші орган оның құзыретіқызметтің осы түріне қолданылмайтынынмәлімдеген және келісуді ұсынудан бас тартқанжағдай туындады. Бұл ЖШС-ге рұқсат беруден бас тартуға әкелуі мүмкін.

Мұндай жағдайда Департамент қашықтан мониторинг жүргізудің арқасында мемлекеттік қызмет көрсету процесіне жедел араласты. Үкіметтің тиісті қаулысына сәйкес барлық келісуші органдар мен олардың құзыреттері нақтыанықталған және мұндай уәждеме рұқсат беруден бас тартуға негіз бола алмады. Департаментпен көрсетілетін қызметті берушіге келісуші органның іс-қимылының заңнамаға сәйкес еместігі туралы және егер бас тартуға басқа себептер болмаса, онда мемлекеттік қызмет көрсетілуі тиіс екендігі турады түсіндірілді.

Департаменттің араласуынан кейін ЖШС өзрұқсатын алды және процесс заң аясындааяқталды. Осылайша, Департаменттің қашықтан мониторингі мен жедел ден қоюының арқасында көрсетілетін қызметті алушының құқықтарын қорғауға және негізсіз кідірістерді болдырмауға мүмкіндік болды.

Қашықтан мониторинг мемлекеттік қызметкөрсету сапасын бақылаудың тиімді құралдарының бірі, ол мүмкін болатын бұзушылықтарды уақтылы анықтап қана қоймай, оларды мемлекеттік қызмет көрсету процесінде жедел жоюға мүмкіндік береді. Бұл жағдайда Департамент бұзушылықтың алдын алып қана қоймай, шешімде әділеттілік пен заңдылықты қамтамасыз ете отырып, бизнеске рұқсат алу процесін жеделдетті.

Қазіргі уақытта, қашықтан мониторинг бюрократия мен әуре-сарсаңға қарсы күрестемаңызды құралға айналуда, бұл азаматтар мен бизнестің мемлекеттік жүйеге деген сенімін арттырады.


#департамент госдоходов, #финансы