Поздравляем со вступлением в силу народной Конституции
Финансы 285 просмотровabaidan.kz

Доведение МРОТ до 150 тысяч тенге: когда будет готова методика?

Доведение МРОТ до 150 тысяч тенге: когда будет готова методика?

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Асқарбек Ертаев ең төменгі жалақыны 150 мың теңгеге дейін көтеру жоспарына қатысты пікір білдірді.

- Бұл мәселе жыл аяғына дейін пысықталады, себебі осыны талқылау іс-қимыл жоспарына енгізілген. Сондықтан тиісті мерзім айқындалды және оның аясында жыл соңына дейін талқыланады, - деді А.Ертаев Үкіметтегі баспасөз мәслихатында.

Бұл тұрғыда тілшілер «Жыл соңында ең төменгі жалақы арта ма?» деп нақтылап сұрады.

- Ол жайында нақты айта алмаймын, себебі жыл аяғына дейін тиісті әдістеме ғана айқындалуы мүмкін. Екіншіден, оның қаншалықты көтерілетіні белгіленуі тиіс. Осыдан кейін бюджет процесі бар, бұған да уақыт керек, - деді министр.

Оның сөзіне қарағанда, жаңа әдістеме ең төменгі жалақыны көтеруге бағытталып отыр.

kaz.inform.kz