Halyk Bank алаяқтарға алданбаудың жолдарын айтып берді
Соңғы уақытта елімізде алаяқтық деректері көп тіркеліп жатыр. Алаяқтар ірі компаниялардың ресми сайттарына ұқсайтын жалған сайттарды қолдан жасауды әдетке айналдырды. Халықтың көпшілігі өз банк карталарының деректерін және SMS кодтарды енгізіп жатады, бірақартынша алаяқтар ол мәліметтерді ApplePay, Samsung Payнемесе Google Pay-ге тіркеп алады. Содан клиенттің картасынан түрлі терминалдан ақша шешіле бастайды. Осындай жағдайлардың көбеюіне байланысты Halyk Bank өкілдеріалаяқтардан қалай қорғану керегі туралы айтуды жөн көрді.
Банк өкілдері ақшаңыз бен деректеріңізді қорғау үшін қауіпсіздік ережелерін сақтауға кеңес береді:
• Белгісіз сілтемелерге өтпеңіз жәнекартадеректемелерін ол жерде көрсетпеңіз.
• Әрқашан деректеріңізді қайдаенгізгеніңіздітексеріңіз!
• Ешкімге, сондай-ақ, банкқызметкерлерінекартаның нөмірін, оныңжарамдылық мерзімін(картаның алдыңғыжағы) және үш таңбалыCVV/CVC кодын(картаның артқы жағы)айтпаңыз.
• Картаның нөмірін, оның жарамдылық мерзімін, үш таңбалы CVV/CVC кодын,сондай-ақ «ұтысойындары« және «ақшаүшін сауалнамалар» жүргізетін сайттардағы SMS-хабарламаларданкелген кодты енгізбеңіз.
• Егер сіз қандай да бір тауарды күтсеңіз,абайболыңыз! Алаяқтар клиенттерді алдау үшінжалған жеткізу қызметтерінің веб-сайттарыноңай жасай алады.
• Интернет операциялар үшін қосымшакартаныпайдаланыңыз. Қаражаттың шектеулі мөлшерін сақтай алатын сандықкартаны рәсімдеуді ұсынамыз. Бұл онлайн сатып алу кезінде тәуекелдерді азайтуға және негізгі жинақтарыңызды қорғауға көмектеседі.
• Halyk қосымшасы арқылы интернет операцияларға тыйым салыңыз.Бұл өз кезегінде тәуекелдерді азайтуғакөмектеседі.
Сондай-ақ, Halyk өкілдері мұндайалаяқтықәрекеттер 190-бап («Алаяқтық»),195-бап («Алдаунемесе сенімге қиянат жасау арқылы мүліктік зиянкелтіру») және 247-бап(«Заңсыз сыйақы алу»)бойынша тиісті жазалармен қылмыстық жауапкершілікке тартылатынын еске салады.
Halyk әрқашан алаяқтықпен күресудің жолдарын жүзеге асыра отырып, барлыққажетті күштерді салып жатыр. Қосымша ақпарат алу үшін мына сілтемеге өтуге болады – https://halykbank.kz/security.
Сондай-ақ, шотыңызда күдікті әрекетбайқалған жағдайда 7111нөмірі бойыншабанктің колл-орталығынахабарласуыңыздысұраймыз.
#Фонд тюркоязычных журналистов, #фондтюркоязычныхжурналистов, #Халық банкі