"Қарызсыз қоғам": Семей қаласының студенттері қаржылай сауаттылықтарын арттыруда
1 қыркүйектен бастап "Amanat" партиясының бастамасымен "Қарызсыз қоғам" жобасы аясында оқушылар мен студенттерді қаржылық сауаттылық негіздеріне оқыту басталды. Жақия Шайжүнісов атындағы колледжде экономикалық мамандықтар студенттеріне арналған тренинг өтті. Іс-шараны "Amanat" партиясы мен "Ұлы Дала корпорациясы" РҚБ ұйымдастырды. Тренингті Абай облысының жобасын ұсынушы Сәулет Еркінова жүргізді.
Тренинг барысында студенттер қаржылық сауаттылық бойынша білім алып, бюджетті ұтымды жоспарлауды және несиелер мен инвестицияларды басқарудың негізгі принциптерін зерделеді. Сәулет Еркінова "Қарызсыз қоғам" жобасына қатысушылар өз қаржысын тиімді басқаруды және шығындарын оңтайландыруды және қаржылық мәселелердің қалай туындайтынын, несиелік қарыздар санын азайтудың жолдарын, алаяқтық әрекеттерді қалай анықтауға болатынын үйренетіндігін атап өтті.
- Оқыту жұмыстары 5 ақпанда басталған. Біздің басты міндетіміз-адамдарды өз мүмкіндіктерімен өмір сүруге үйрету және қаржылық қиындықтарға тап болғандарға көмектесу. Жоспар бойынша мектеп оқушыларын, колледждер мен ЖОО студенттерін қоса алғанда, 6 мыңнан астам халықты оқытуды жоспарлап отырмыз, - деді Сәулет Еркінова.
Атаулы іс-шарада студенттер қаржы нарығының заманауи үрдістерімен танысты. Сондай-ақ, өз қаражаттарын басқару бойынша жеке ұсыныстар алып, қаржылық резервтерді құру ерекшеліктерін меңгерді.
Жақия Шайжүнісова атындағы колледжінің оқу ісі жөніндегі басшысының орынбасары Айжан Қасенова бұл жобаның студенттер үшін маңыздылығын атап өтті:
- Қаржылық сауаттылық - жастарымыздың табысты болашағының кілті. Мұндай тренингтер білім деңгейін көтеріп қана қоймай, ақшаға жауапкершілікпен қарауды қалыптастыруға көмектесетініне сенімдіміз, — деп атап өтті спикер.
Сонымен қатар, жоба ұйымдастырушылары студенттер алған білімдерінің маңыздылығын да бағалады.
#Абайская область, #финансы, #партия АМАНАТ, #Общество без долгов