Қаржы министрлігі әлеуметтік төлемдер мен инфляцияның арақатынасы бойынша түсінік берді
Қаржы вице-министрі Ержан Біржанов инфляция деңгейі мен әлеуметтік төлемдерді индекстеу арақатынасына түсініктеме берді. Бүгін Парламент Мәжілісінің жалпы отырысынан кейін тілшілер елдегі инфляцияның 12 пайыздан асқанын, ал базалық зейнетақы, сондай-ақ жәрдемақылар 10 пайызға ғана индекстелгенін атап өтті. Бұған жауап ретінде вице-министр 2026 жылға Қазақстанда әлеуметтік салаға 10,5 трлн теңге бөлінгенін айтты.
— Енді қосымша көмекке тоқталсақ, әлеуметтік көмек болады. Бұл тұрғыда осы көмекке қатысты тексеріліп жатыр. Әлеуметтік көмек - атаулы болуы керек. Атап айтқанда, теріс әрекеттер жасап отырғандар болуы мүмкін, яғни жалған мәмілелер жасағандар немесе жалған ажырасу құжатын рәсімдегендер анықталуы ықтимал. Мұндай деректер өте көп, сондықтан қазір цифрландырудың көмегімен Еңбек министрлігі мен Денсаулық сақтау министрлігі осындай фактілерді анықтап жатыр. Осы орайда бұл адамдарға қатысты төленетін сома азаяды, - деді Е. Біржанов.
Оның сөзіне қарағанда, бұл іс-шаралар қаражатты шынымен қолдауды қажет ететін азаматтарға бағыттауға мүмкіндік береді.
kaz.inform.kz
#пенсия, #финансы, #Адресная социальная помощь