Қаржылық алаяқтық

Қаржылық алаяқтық

Еліміздің гүлденуімен қатар, алаяқтық та белең алуда. Заманның өзгеруі ме, өзіміздің жеке басымызға тән ақпараттарды мұқият жасыратын уақытқа да келдік! Ешкімге сенуге болмайтын заманда қаржылық алаяқтықтың көптеген түрлері белең алуда. Заңсыз жолмен біреудің қаржылық пайдасына қол жеткізу тоқтар емес. Бұндай зиянкестер әртүрлі әдіспен айлаларын асырады және оның көп тараған түрлері де бар.

   Инвестициялық алаяқтық

   Жалған инвестициялық жобаларға адамдарды сендіріп, кең көлемде табыс ала алатынына сендіру арқылы өз пайдасын көретін алаяқтар.

   Салықтық алаяқтық

   Жеке тұлға мемлекетке төлеуге міндетті салықтың жартысын ғана төлеу үшін көбінесе осындай алаяқтарға ұрынып қалады.

   Несие алаяқтығы

   Жалған құжаттар жасап, банктерден болмаса қаржылық ұйымдардан несие алатын бұл алаяқтар заңсыз түрде несиелік ресурстарды иемденіп келеді.

   Алаяқтықтардан қалай қорғануға болады?

   Жеке ақпаратты қорғау керек. Яғни, сенімді сайттарды өзіңіздің банк картаңыздың мәліметтерін, жеке құжаттарыңызды енгізуге қолдансаңыз болады.

   Күдік болған нәрсенің алдын алуыңыз керек. Егер күтпеген шығындар немесе транзакциялар болса, банкке немесе қаржы ұйымына хабарласуыңызға болады.

   Онлайн операциялар жасағанда пайдасы тиетін, қосымша қауіпсіздік шарасы болатын екі факторлы аутентификацияны қолданғаныңыз жөн.

   Қаржы құралдары мен қызметтерін тексергеніңіз өзіңіз үшін абзал.

Бұндай келеңсіз оқиғаларды болдырмау үшін қаржылық ақпараттық сауаттылықты арттыру керек. Алаяқтардың алдын алу үшін барлық мүмкіндіктерді пайдалануға болады.

   Егер сіз алданып қалған болсаңыз не істеу керек?

Ақшаны өзіңіз аударсаңыз болмаса оны алаяқтар аударса, міндетті түрде банкке хабарласу керек. Транзакция аяқталмаған жағдайда, Банк оны жоюға үлгеруі ғажап. Егер сізде күмән пайда болса, бәрін өз бетіңізше тексеріңіз.

  Банк операция жасап қойған болса, ол ақшаны қайтарып бере алмайды. Сондықтан бұндай кезде картаны немесе шотты мобильді қосымшада болмаса сайттағы жеке кабинетте бұғаттау керек. Осымен қатар, жедел желіге хабарласуға және құқық қорғау органдарына жүгінсе де болады.

Алаяқтар ұстатпайды, оларды табу қиын екенін ескеру керек. Өйткені, олар басқа елде жүріп те, делдалды пайдаланады. Қаржы нарығын реттеп, дамыту агенттігіне және Қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментіне өтініш жазу арқылы ақшаны қайтару мүмкіндігін арттыра аласыз.

Т.Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық өнер академиясы “Компьютерлік технологиялар” кафедрасы “Медиажурналистика” мамандығының 2-курс студенті Альфия Қылышбай


#фондтюркоязычныхжурналистов, #финансы, #"Еркін сөз" байқауы