Қаржылық қауіпсіздік – әр азаматтың міндеті
Қазіргі заманда қаржылық сауаттылық – тек ересектерге емес, оқушыдан бастап зейнеткерге дейін барша азаматқа қажет маңызды дағды. 10-20 қазан аралығында елімізде өтіп жатқан FinIQ 25 республикалық қаржылық диктанты осы бағыттағы маңызды қадам болып отыр.

Диктанттың басты мақсаты – Қазақстан азаматтарының қаржылық қауіпсіздік дағдыларын қалыптастыру, яғни алаяқтық әрекеттерді тани білу, олардан қорғану жолдарын меңгеру. 90 ұпайдан жоғары нәтиже көрсеткендер арнайы диплом және бағалы сыйлықтармен марапатталады. Ал барлық қатысушыларға ресми сертификат табысталады. Бұл – қаржылық сауаттылық деңгейін тексерудің жақсы тәсілі. Қаржылық алаяқтықтың заманауи түрлері – дропперлар, қаржылық пирамидалар, ақша жылыстату, онлайн алаяқтық және лудомания секілді мәселелерге нақты түсінік беріліп, банк карталарын қауіпсіз пайдалану бойынша қадамдық нұсқаулықтар ұсынылды.
📦 Дропперлар | Бөтеннің атына есепшот ашып беру арқылы қылмысқа қатысу |
🧱 Қаржылық пирамида | Инвестиция деген желеумен ақша жинау схемасы |
💰 Ақша жылыстату | Ақшаны заңсыз айналымнан заңдастыру жолдары |
💳 Банк картасының қауіпсіздігі | Код, CVV, SMS-ті бөтенге бермеу ережелері |
🎰 Лудомания | Құмар ойынға тәуелділік және оның қаупі |
🚫 Вейп пен алаяқтықтың байланысы | Жастарды тартудағы алаяқтық әдістер |
Диктанттың ұйымдастырушылары қатарында еліміздегі ең ірі қаржы ұйымдарының бірі – Халық Банкі бар. Банк бірнеше жылдан бері қаржылық сауаттылықты арттыру бағытында тұрақты түрде жобалар өткізіп келеді. Халық Банкі цифрлық сервистерді жетілдірумен қатар, клиенттерді алаяқтықтан қорғау бойынша арнайы бағдарламалар жасап отыр. Мәселен, банк мобильді қосымшасында күмәнді төлемдер туралы автоматты ескертулерді енгізген, сондай-ақ күмәнді сілтемелер мен фишингтік шабуылдардан сақ болу туралы тұрақты түрде хабарлама жіберіп отырады.

Банк мамандары атап өткендей, көп жағдайда адамдар өз жеке деректерін (мысалы, банк картасының нөмірі, CVV коды, SMS арқылы келген растау кодтары) бөтен адамдарға айтып, алаяқтардың құрбанына айналып жатады. Халық Банкі мұндай жағдайлардың алдын алу үшін "Өз ақшаң – өз қолыңда" атты ақпараттық науқан ұйымдастырған.
«Бүгінде қаржылық сауаттылық – біздің қоғамның басты қорғанысының бірі. Халық Банк халыққа тек қамтамасыз етуші институт қана емес, сонымен бірге қаржылық білім беру мен қорғаушы серіктес болуы тиіс. Адамдар алаяқтық схемаларды, цифрлық қауіп-қатерлерді, банк карталары мен онлайн төлемдердегі қатерлерді танып-білуі керек»,-дейді «Halyk Bank» АҚ Абай облыстық филиалының директоры Алмат Данкенов.

FinIQ 25 диктантының ерекшелігі – оған 5-сынып оқушыларынан бастап, зейнеткерлерге дейін барлық азамат қатыса алады. Бұл елімізде қаржылық білімді ерте жастан бастап қалыптастыру қажеттілігін көрсетеді.Бүгінде оның маңызы зор.
Мысалы: Оқушы банк картасымен онлайн ойынға ақша аударғысы келеді дейік. Бірақ Халық Банкінің нұсқаулығын оқығаннан кейін ата-анасының рұқсатынсыз ешбір төлем жасамауы керектігін түсінеді.
Сондай-ақзейнеткерге белгісіз нөмірден хабарласып, "немереңіз апатқа ұшырады, ақша керек" деп алдайды. Бірақ қаржылық диктантта үйренген білімінің арқасында ол бұл алаяқтық екенін бірден аңғарып, ешқандай ақша аудармайды.
Тағы бір жағдайда студент инвестициялық жобаның атымен ұйымдастырылған қаржылық пирамидаға қосылғысы келеді дейік. Бірақ FinIQ диктанты арқылы пирамидалық жүйенің белгілерін танып, ол ұсыныстан бас тартады.
Осылайша қаржылық сауаттылықтың нәтижесінде азаматтар алаяқтардың алдауына түспейді.
Өзімнің қаржылық сауаттылық деңгейімді тексеру мақсатында мен де FinIQ диктантына қатысып, 100 ұпай жинадым. Бұл мен үшін өзіме деген сенімділік, әрі жақсы мотивация болды.

Қаржылық сауаттылық – өмірлік қажеттілік. Алаяқтардың әрекеті күн сайын өзгеріп, түрленіп жатқан заманда әр азамат өзін және жақындарын қорғау үшін қаржы саласында сауатты болуы тиіс. FinIQ 25 секілді жобалар осы бағытта нақты нәтиже беріп келеді.
Халық Банкі және өзге де серіктес ұйымдардың бастамасымен жүзеге асқан бұл диктант – қаржылық қауіпсіз болашаққа бағытталған сенімді қадам.
#Знание, #финансовая пирамида, #финансы, #Халық банкі