Қазақстандықтарға мобильді аударымдар туралы не білу қажет ?
Абай облысы бойынша Мемлекеттік кірістердепартаменті мобильді аударымдарды бақылау заңсыз кәсіпкерлік қызметті көлеңкеден шығаруға бағытталғандығын хабарлайды.
Өлшемшарты болып бір жеке тұлғаның қатарынан үш күнтізбелік айдың әрқайсысында жүз және одан да көп тұлғалардан банк шотына кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға арналмаған ақша қаражатын алуы саналады. (ҚР Қаржы министрінің 29.03.2022 жылғы № 323 бұйрығына сәйкес).
2025 жылдан бастап 2024 жылдың қорытындысы бойынша Банктерден жеке кәсіпкерлер, заңды тұлғалардың басшылары және олардың жұбайлары бойыншаақпарат ұсынылады.
Аталған шара жасырын кірістер мен тіркелмеген кәсіпкерлерді анықтауға бағытталған. Өйткені көптеген кәсіпкерлер тауарлар, жұмыстар мен қызметтер үшін төлемді кәсіпкерлік қызметке арналмаған жеке шоттарға мобильді аударымдар арқылы қабылдайды.
Бұдан басқа, қолданыстағы өлшемшарттан жеке кәсіпкер ретінде тіркелмеуге құқығы бар тұлғаларды алып тастау бойынша өзгерістеренгізіліп жатыр.
Сондай-ақ мынадай өлшемшартты белгілеу ұсынылады: "Бір жеке тұлғаның банк шотына жалпы сомасы ең төменгі жалақының 3 еселенген мөлшерінен асатын күнтізбелік үш ай ішінде ай сайын 100 және одан да көп түрлі тұлғалардан ақша қаражатын алуы" (01.01.2024 жылғы жағдай бойынша 255 000 теңге).
#Абайская область, #деньги, #департамент госдоходов, #тенге