1 қаңтардан бастап елімізде төлқұжат және жеке куәлік жасату қымбаттайды

1 қаңтардан бастап елімізде төлқұжат және жеке куәлік жасату қымбаттайды

2025 жылы айлық есептік көрсеткіш 3 932 теңгеге дейін өседі. Сол үшін мемлекеттік құжаттарды дайындау құны да көбейеді.

Төлқұжат жасату құны:

2025 жылғы 1 қаңтардан бастап паспорттағы бет санына байланысты баж құны өзгереді:
• 24 парақ – 4 АЕК, яғни 15 728 теңге (16 жасқа дейінгі балалар үшін);
• Қолданыстағы 36 парақ төлқұжат құны 8 АЕК яғни, 31 456 теңгеге өседі.
• 48 парақ – 12 АЕК, яғни 47 184 теңге (ересектерге) болады.

Төлқұжат өтінім берген күннен бастап 15 жұмыс күні ішінде дайындалады. Бірақ қазақстандықтар қосымша ақы төлеп, төлқұжатты тезірек алуына болады.

Жеке куәлік жасату құны:

Тұрғындар жеке куәлік жасату үшін 0,2 АЕК немесе 786,4 теңге төлеуі керек. Бірақ жеке куәлігін жоғалтып, бір жыл ішінде екі реттен артық жасатса, 1 АЕК немесе 3 932 теңге төлеуге тура келеді.
Төлем электронды үкіметтің төлем шлюзі, екінші деңгейлі банктер арқылы немесе QR-код бойынша жүзеге асырылады.


#документы