Поздравляем со вступлением в силу народной Конституции
Общество 644 просмотровabaidan.kz

С 11 августа получить ЭЦП можно только онлайн.

С 11 августа получить ЭЦП можно только онлайн.

Қазақстанда 11 тамыздан бастап электронды цифрлық қолтаңба (ЭЦҚ) алу толықтай онлайн форматқа көшіріледі. Бұл туралы «Электрондық үкімет» порталы мәлімдеді, - деп хабарлайды abaidan.kz ақпараттық агенттігі.  

Енді ЭЦҚ алу үшін халыққа қызмет көрсету орталығына (ХҚКО) барудың қажеті жоқ.

ЭЦҚ-ны алу процесі келесідей:

  • egov.kz порталына немесе pki.gov.kz сайтына тіркелу;
  • веб-камера арқылы бет-әлпетті сканерлеу арқылы сәйкестендіруден өту;
  • сәйкестендіру сәтті өткен жағдайда, цифрлық қолтаңба автоматты түрде беріледі.

«Сәйкестендіру сәтсіз болған жағдайда (мысалы, деректер базасында фото болмаған жағдайда) қолданушыға 5 мәрте әрекет ету мүмкіндігі беріледі. Егер бәрібір сәйкестендіру мүмкін болмаса, азамат ХҚКО-ға жүгіне алады», – делінген хабарламада.

Жаңа жүйе жеке деректерді қорғау және цифрлық жеке бас қауіпсіздігін күшейту мақсатында енгізіліп отыр. Осылайша, бөтен адамның ЭЦҚ иелену ықтималдығы мүлдем жойылады.