2023 жылы қазақстандықтар VIP-нөмірлерге қанша қаражат жұмсады

2023 жылы қазақстандықтар VIP-нөмірлерге қанша қаражат жұмсады

2023 жылы қазақстандық автожүргізушілер VIP-нөмірлерге жұмсаған қаражат көлемі 10 млрд теңгеден асқан. Бұл туралы abaidan.kz KAZ.NUR.KZ сілтеме жасап хабарлайды. "Азаматтарға арналған үкіметтегілердің" айтуынша, 2023 жылы мамандандырылған ХҚКО-лар 30 мыңға жуық жоғарғы сұранысқа ие мемлекеттік тіркеу нөмірлерін берді. Олар үшін көлік иелері 10 млрд теңгеден астам қаражат жұмсаған. 2022 жылмен салыстыратын болсақ, қазақстандықтардың VIP-нөмірлерге жұмсаған қаражат көлемі 7 млрд теңгеден асқан. Ал ең жылдам сатылған нөмірлер мынадай екен: 2023 жылы 010, 020, 030, 040, 050, 060, 070, 077, 080, 090, 707. "Әр нөмірдің бағасы - 57 АЕК (2024 жылы 210 444 теңге). VIP-нөмірлер қатарындағы әріптері бірдей ең қымбат сандар 001, 002, 003, 004, 005, 006, 007, 008, 009, 777 сандары екенін атап өтеміз. Мұндай әрбір нөмір көлік иесі үшін 285 АЕК (2024 жылы 1 052 220 теңге) тұрады", - делінген хабарда. Жалпы, 2023 жылы мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталықтарында республика бойынша 3,2 миллионнан астам көлік тіркеліп, 1,1 миллион жүргізуші куәлігі беріліпті. Айта кетейік, Қазақстанда VIP-нөмірлерді сату тәжірибесі 2014 жылы енгізілген. Сатудан түскен қаржы ел бюджетіне түседі. 


#автомашина