2024-2025 жылыту маусымына дайындық барысында өңірде 2 986 заңбұзушылық анықталған
Абай облысы бойынша 2023-2024 жылдардағы жылыту маусымында 236 өрт тіркелген. Өрт саны өткен жылыту маусымымен салыстырғанда 38% - ға аз. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметіндегі брифингте Абай облысы ТЖД бастығының орынбасары азаматтық қорғау полковнигі Алексей Штыкель баяндады.
- Жыл сайын облысымызда жылыту маусымында тұрғын үй секторында бірнеше өрт саны орын алады. Оның себептері пештерді және электр жылыту құралдарын пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігінің негізгі талаптарын сақтамау. Биыл жылыту маусымы басталғалы 19 өрт оқиғасы орын алды. Сонымен қатар, көмірқышқыл газымен уланудың 4 оқиғасы тіркелді, нәтижесінде 7 адам зардап шекті, оның ішінде 2 кәмелетке толмаған балалар . Көбінесе уланудың себептері пеш жабдығының жұмысындағы ақаулар, мұржада тартымы болмауы, мұржалардың күйемен бітелуі болып табылады, - деді ТЖД бастығының орынбасары.
2024-2025 жылыту маусымына дайындық барысында облыстық төтенше жағдай департаменті тұрғын үй секторында өрттің алдын алу жоспары әзірлеп, бекіткен. Жоспарға сәйкес ағымдағы жылдың 26 тамызынан 26 қыркүйекке дейін өңірде өрт қауіпсіздігі айлығы жүргізілген.
- Осы жылдың шілде айында жеке тұрғын үйлерде тұратын ХӘОТ (көп балалы және аз қамтылған отбасылар, жалғыз тұратын мүгедектер және зейнет жасындағы адамдар) өртке қарсы мақсатты жұмысты қажет ететін тізімдерін жаңарттық . Облыста осы санаттағы 6302 отбасы бар . Өткен жылмен салыстырғанда отбасылар саны 40,2% - ға немесе 4248 отбасыға (2023 ж. – 10550) азайды. Бөлім қызметкерлері аталған санаттағы азаматтардың үйлеріне 100% тексеру жүргізіп, онда 2951 заң бұзушылық анықталды, - деп атап өтті Алексей Штыкель.
Департамент қызметкерлері қазірдің өзінде 12 656 тұрғын үйді аралап, 2 986 заңбұзушылық анықтаған. Оның ішінде 1 834 бұзушылық автономды жылыту жүйесіне, 752 бұзушылық электр қуатын пайдалануға қатысты. Сондай – ақ, 26 655 адамға нұсқау беріліп, ұсыныстар енгізілген.
- Тұрғындардың тұрғын үйлерін өртке қарсы жағдайға келтірмеуінің басты себебі - әлеуметтік деңгейдің төмендігі, пештерді жөндеуге және электр сымдарын ауыстыруға қаржы ресурстарының жоқтығы, сондай-ақ азаматтардың күнделікті өмірдегі өрт қауіпсіздігі мәселелеріне көзқарасы. Қазір департамент қызметкерлерімен көмірқышқыл газының датчиктерін орнату жұмыстары жүргізілуде, бүгінгі күні 8 528 көмірқышқыл газының датчигі орнатылды. Жаңартылған деректерге сүйенсек, әлеуметтік осал отбасыларға (6 302 үй) орнату үшін 2 946 датчик сатып алу қажет, - дейді спикер.
Өрт қауіпсіздігінің негізгі талаптарын сақтамауды кішкентай бүлдіршіннен бастап үйрету қажет. Осы мақсатта Абай облысы білім басқармасы 2024 жылғы 24 қыркүйектегі № 01-03/560 бұйрығымен ағымдағы жылдың 20-30 қыркүйек аралығында «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы аясында «Балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету – ортақ мәселе» тақырыбында онкүндік өткізген. Абай облысы білім басқармасы басшысының орынбасары Айжан Курманова онкүндік барысында Абай облысы аумағындағы 2 қала мен 10 ауданда ата-аналар жиналысы және педагогтермен кездесулер өткізілді деп атап өтті.
- Балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету барысында "Біртұтас тәрбие" бағдарламасы аясында әр аптаның дүйсенбі күндері 1 сабақ тәрбие сағаттары өткізіледі. «Қауіпсіздік сабағы» – жол қозғалысы ережелерін, өмір қауіпсіздігі негіздерін зерделеу, білім алушылардың жеке қауіпсіздігін сақтауы, төтенше жағдай кезіндегі қауіпсіздіктер туралы сынып сағаты шеңберінде 10 минут ақпарат беру арқылы жүргізіледі. Және де Абай облысының төтенше жағдайлар департаменті мектеп мұғалімдерімен 2 ақпараттық-оқыту семинарын өткізді, - деп түйіндеді білім басқармасы басшысының орынбасары.
#право, #Абайская область, #отопительный сезон