Абай облысы 1 млн тоннадан астам көмірмен қамтылады

Абай облысы 1 млн тоннадан астам көмірмен қамтылады

Алдағы жылыту маусымына облысқа 1,248 млн тонна көмір қажет. Оның ішінде 567 мың тоннасы тұрғындарға, 85 мың тоннасы әлеуметтік нысандарға және 595 мың тоннасы жылу көздеріне бағытталады. Халыққа қажетті көмір көлемі анықталып, оны жеткізу шаралары қолға алынған.

 

Абай облысының өңірлік коммуникациялар қызметінің ұйымдастыруымен өткен баспасөз турында жергілікті операторлар мен көмір өндіруші компаниялар кездесіп, көмірді уақытында жеткізу мәселесі талқыланды.
 

- 19 сәуірде облыс әкімінің кезекті жылыту маусымын аяқтап, келесі маусымға дайындықты бастау туралы қаулысы шықты. Халықты көмірмен қамтамасыз ету - жылыту маусымына дайындық аясында маңызды мәселе. Өңірде қатты отынға қажеттілік 1 млн 248 мың тоннадан асады. Көмір теміржол тұйықтары арқылы сатылатын болады. Облыстағы барлық қазандықтар жылыту маусымына дайындалып жатыр, - деді Абай облысының энергетика және ТҮКШ басқармасының басшысы Жандос Қайырханов.

Спикердің айтуынша, көмірге деген үлкен сұраныс пен ұзын-сонар кезек жоқ, теміржол тұйықтарында көмір уақытында жеткізіліп жатыр.


#Абайская область, #уголь